05.03.2023
Компанияның спорттық-сауықтыру кешенінде «Богатырь Көмір» нәзік жанды қызметкерлері арасында «Көңілді старт» өтті.
Спорттық шара Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды. Барлығы кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің 9 командасы өтініш білдірді. Ойындар өз атына сай болды және өте қызықты өтті. ССК әдіскерлері дайындаған әрбір тур қызу қол шапалақтаумен қатар жүрді. Қыздар әртүрлі эстафеталық жарыстарды оңай жеңе алды. Үзілістерде қатысушылар мен жанкүйерлерді Серіктестік қызметкерлерінің орындауындағы әндер қуантты.
Жеңімпаздарды анықтауда әйел сүйкімділігіне қарағанда, табандылық пен жеңіске деген ұмтылыс маңызды болды. Жарыс соңына дейін шиеленіс сақталып, орындар келесідей бөлінді: Атқарушы аппараттың командасы алтын медаль иегері атанды. Оқу-курстық комбинатының қызметкерлері күміс медальді лайықты түрде иеленсе, Жүк қызметі қола жүлдені қанағат тұтты.
Қазылар алқасы үздік жанкүйерді де таңдады, ол ТЖЖЖД аға шебері Василий Лесюк болды.
Барша әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтап, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.