Елдегі ең мықты гір көтеруші

03.03.2023

Богатырь спортшыларының жоғары шеберлігі мен күшінің кезекті дәлелі біздің атақты спортшымыз компанияның Автобаза жүргізушісі Қаныбек Масақбаевтың ардагерлер арасындағы гір спорты бойынша Қазақстан чемпионатындағы жеңісі болды.

Ең мықты атағын Қаныбек ұзақ айналымында, 73 келі салмақ дәрежесінде жеңіп алды. Айта кетейік, ол Қазақстанның 17 облысының ең мықты спортшыларымен жарыста ел чемпионы атағын жеңіп алды. Қазір Қаныбек наурыз айының соңында Петропавлда өтетін жұлқи көтеру мен серпуден гір спорты бойынша ел біріншілігінің іріктеу кезеңіне дайындалуда. Ал мамыр айында ол Бішкекте өтетін Азия чемпионатында Қазақстанның атынан өнер көрсететін болады. 

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу