Арамызда жүрген батырлар

02.03.2023

Алғыс айту күні «Ерен еңбегі үшін» медалі «Богатырь көмір» үш қызметкеріне – энергиямен жабдықтау дирекциясының авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары Оралбек Муздановқа, , БЖКБ электр-газбен дәнекерлеушісі Дмитрий Снегиревке,  «Богатырь» кенішінің электр-газбен дәнекерлеушісі Максим Шағанға табысталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан БЖКБ аға электромеханигі Артур Квирин, энергиямен жабдықтау дирекциясы учаскесінің бастығы Анатолий Остромецкий, жөндеу дирекциясы цех бастығының орынбасары Константин Левин, энергиямен жабдықтау дирекциясының аға шебері Айбек Сәрсенбаев алғыс хат алды. Олар осы қыста Екібастұздың жылу желілерінде болған апатты жоюға қосқан жеке үлесі үшін түрлі марапаттарға ие болған 40 адамның қатарына кірді.

Марапатты тапсырған Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов осы күндері батылдық пен ерлік көрсеткен адамдарға алғысын білдірді.

«Богатырь Көмір» мамандары алғашқы күндерінен бастап осы қиын кезеңде қала тұрғындарына көмектесті. Батырлардың бірі Оралбек Мұзданов әріптестерімен бірге компания ғимараттарында жылуды сақтау бойынша іс-шараларға қатысты. Жұмыс аяқталғаннан кейін бірден қаладағы апаттардың салдарын жойып жүрген қызметкерлерге қосылды.  Өз отбасының да осы уақытта жылусыз болғанына қарамастан, демалыссыз 12 сағат бойы ол кәсіпорынның артындағы үйлерде жылудың пайда болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Оралбек бұл күндері екібастұздықтардың барлығы бір мақсатпен біріктірілгенін мойындайды. Ол қарапайым түрде былай дейді:

– Мен әдеттегі жұмысымды жасадым, маған қиын болған жоқ: біз жертөлелердегі құбырларды жылытып, кіреберістерге батареяларды орнаттық.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу