Теңдессіз көмек

28.02.2023

Қоғамдағы бірлікті, бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін рухани негіздердің тұрақты құндылығын түсіне отырып, «Богатырь Көмір» ЖШС дәстүрлі діни конфессияларға жан-жақты көмек көрсетеді.

Компанияда Павлодар ауданы Чернорецк ауылынан Әбу Шахман атындағы мешіт имамының қайырымдылық көмек ретінде 50 тонна көмір бөлу туралы өтініші оң жауап алды. Айтпақшы, бұған дейін кәсіпорын Исабек Ишан Хазірет кесене кешеніне 40 тонна көлемінде көмір көмектесті. Міне, тағы бір игі іс.

Естеріңізге сала кетейік, рухани-діни орталықтарды ұстаудың негізгі көзі ерікті қайырмалдықтар болып қала береді. Сондықтан «Богатырь Көмір» компаниясының көмір түріндегі көмегі шынымен баға жетпес.

Айта кету керек, кәсіпорын мұсылман мешіті мен Екібастұз православие шіркеуіне жылумен жабдықтау қызметтерін төлеуге көмек көрсетеді. Жақында компания Екібастұз қалалық мешітін жылумен жабдықтау қызметі бойынша берешекті өтеу үшін 900 мың теңгеден астам және Иверс-Серафимов соборына 300 мың теңгеден астам қаржы бөлді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу