Болашақ энергиясын көру
22.02.2023
«Богатырь Көмір» компаниясы 4-6 сынып оқушылары үшін Қазақстан астанасына ұмытылмас сапарды ұйымдастырды.
Шағын сапарға оқу үздіктері, қалалық, облыстық, республикалық конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері аттанды. Осы мақсатта кәсіпорын «VOLVO» жайлы автобусын бөліп, балаларды жолға азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етті. Астанаға келгеннен кейін балалар біріккен жастар қозғалысы белсенділерімен бірге «Нұр Әлем» болашақ энергиясы музейіне барды. Дәл осы жерде ғарыш, күн, жел, су, биомасса және кинетикалық энергия туралы баяндайтын ең үлкен тақырыптық павильондар орналасқан. Оқушылар энергияның баламалы түрлері туралы және олардың бүгінгі күні қалай қолданылатыны туралы көбірек біле алды. Сол күні оқушылар жағымды эмоцияларға толы үйлеріне оралды.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.