Жаңарту және дамыту
20.02.2023
«Богатырь Көмір» компаниясы техниканы белсенді жаңартуды жалғастыруда. Жақында келген Sany ауыр автокранынан кейін компания КамАЗ-43118 автокөлігі негізінде кран-манипуляторды сатып алды.
Машина бөлімшелердің өндірістік учаскелерінде жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде пайдаланылатын болады. Ол үшін «Hyundai» фирмасының кран-манипуляторлық қондырғысымен жабдықталған арнайы техника салмағы 7 тоннаға дейінгі жүктерді көтере алады. Кран жебесінің максималды шығуы 15 метрден асады.
Манипулятор гидравликалық жабдықтың көмегімен басқарылады.
Күткендей, автокранның кабинасы жергілікті ауа-райы мен климаттық жағдайларға бейімделген: ауаны баптау, оны салқындату (жылыту) және тазарту жүйесі бар. Қозғалыс кезінде қауіпсіздік үшін машина жарқыл маякпен жабдықталған.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.