Әрқайсысы жауапты
17.02.2023
Компанияның конференц-залында «Богатырь Көмір» ЖШС Бас директорының орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Серік Макаровтың төрағалық етуімен және «Самұрық – Энерго» АҚ-ның еңбекті қорғау департаментінің директоры Төлеген Максиловтың қатысуымен, өндірістегі қауіпсіздік техникасын сақтау тақырыбында мәжіліс өтті.
Маңызды мәселені талқылауға компанияның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.
Мәжілісті ашқан Серік Жұматайұлы қатысушылардың назарын еңбекті қорғау және қызметкерлердің денсаулығы саласындағы жұмыстың маңыздылығына аударды:
– Иә, бізде жоғары өндірістік көрсеткіштер бар, бірақ олар адам өмірінен жоғары тұра алмайды. Қауіпсіздік әрқашан бірінші орында болуы керек.
Қатысушылардың алдында сөз сөйлеген «Самұрық-Энерго» өкілі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру атқаратын лауазымы мен кәсібіне қарамастан, әрқайсысына тікелей байланысты екенін атап өтті. Барлығы үйренуі керек негізгі ереже - сіздерді ешкім қадағаламаса да, ТҚ ережелерін нақты сақтау. Төлеген Максиловтың пікірінше, өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі формализмді жоққа шығару арқылы ғана жазатайым оқиғалардан аулақ болуға болады. Ол ТҚ саласындағы негізгі көрсеткіштерді ұсынды, сонымен қатар жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстарды тыңдады.
Мәжіліс барысында өндірістік учаскелерде бейнебақылау жүйесін енгізу, жазатайым оқиғалардың туындау қаупін азайтуға ықпал етеді деген ой айтылды. Ол жазалауға емес, бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бейнетіркеуді енгізудің тиімділігі осы тәжірибені жалғастыруды жоспарлап отырған Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасының базасында дәлелденді. Мәжіліс қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, жұмыс тәртібімен қаралатын болды.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.