Жаңа жеңістер
16.02.2023
«Богатырь Көмір» қызметкерлерінің спорттық марапаттар жинағы екі алтын және бір қола медальмен толықты.
Жабық үй-жайларда жеңіл атлетикалық көпсайыс бойынша ардагерлер арасында өткен Павлодар облысының чемпионатында атақты богатырлік спортшылар Александр Подлесный мен Бақтияр Меңдібаев өздерінің жоғары шеберліктерін растады. Бірден екі қашықтықта, 200 және 800 метрге жүгіруде «Богатырь» кенішінің № 1 өндіру жұмыстары учаскесінің экскаватор машинисті Александр Подлесный облыс біріншілігінің «алтынын» жеңіп алды. БЖКБ «Богатырская» станциясының пойыздар құрастырушысы Бақтияр Меңдібаев ұзындыққа секіру жарысында қола медаль жеңіп алды.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.