Жаңа, қуатты, маневрлі

13.02.2023

«Богатырь Көмір» компаниясы Автобазасының арнайы техника паркін жаңарту жалғасып келеді.  Автобаза тағы бір қуатты Sany маркалы ауыр автокранымен күшейтілді.

Жаңа машина ұтқырлығымен және салмағы 130 тоннаға дейінгі жүктерді көтеру қабілетімен ерекшеленеді. Кран тау-кен жабдықтарын жөндеу кезінде пайдалануға арналған. Машинаның шығатын тіректерінің тіркесімі жүк операцияларын тіпті тар жағдайларда және айнала диапазонда орындауға мүмкіндік береді. Техника -40-тан +40 °C-қа дейінгі температурада күрт континентальды климат жағдайында пайдалануға, сондай-ақ 80 промильге дейінгі еңіспен жиі көтерілу және түсу қимасындағы қозғалысқа бейімделген.

Кранның кабинасы ауа өткізбейтін, ауаны баптау, оны салқындату (жылыту) және тазарту жүйесімен жабдықталған. Машинада қозғалтқыштың алдын ала қыздырғышы, апаттық сүйреуге арналған алдыңғы және артқы сүйреу құрылғысы бар. Жұмыс аймағында қауіпсіз қозғалу үшін ол арнайы жарқыл маякпен жабдықталған. Автоматты сәтті шектегіш – кранның басқару блогы жебеге, тросқа және гидрожүйе бөлшектеріне түсетін жүктемені бақылайды. Жүктеме асып кеткен жағдайда жұмысты тоқтатады және аудио-визуалды сигналдар береді. Кран жебесінің максималды ұзындығы – 65,5 метр, ал ұзартқышпен – 100 метрге жуық.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу