Қасиетті орталықтарға көмек
10.02.2023
«Богатырь Көмір» компаниясы Екібастұз өңірінің рухани орталықтарына баға жетпес көмек көрсетіп келеді.
Осы қыстың суық күндерінде кәсіпорын Исабек Ишан Хазірет кесенесі кешеніне үй-жайларды жылыту үшін 40 тонна көмір бөліп, жеткізді. Айта кетейік, бұл мемориалға «Богатырь Көмір» компаниясы бірінші рет қолдау көрсетіп отырған жоқ. Бұған дейін Екібастұз қаласының әкімдігімен жасалған Әлеуметтік әріптестік туралы меморандум аясында серіктестік кешен аумағында қонақ үй салу үшін құрылыс материалдарын сатып алуға 8 432 700 теңге бөлген болатын. Сонымен қатар, кәсіпорын Исабек Ишан Хазірет кесенесі жанындағы қонақ үй кешенінде пандусқа тұтқалар мен таяныштар жасап, орнатты.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.