Богатырлық финал
08.02.2023
«Karaganda Open BJJ Championship-2023» халықаралық джиу-джитсу күрес турнирінде «Богатырь Көмір» спортшылары алтын және күміс медальдарды жеңіп алды.
Бұны тура мағынада богатырлыққа айналған турнир екі марапаттың иегерлерін бір финалды анықтады. Беделді жарыстың жеңімпазы атағы үшін 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шешуші жекпе-жекте Ресурстарды қорғау дирекциясының жеке тұлғаларды және режимді қорғау бөлімінің аға инспекторы Ивраим Сарсембаев пен «Богатырь» кенішінің №1 өндіру жұмыстары учаскесінің экскаватор машинисті Руслан Исенов кездесті.
Жекпе-жектің қорытындысы бойынша «Karaganda Open BJJ Championship-2023» халықаралық турнирінің жеңімпазы Ивраим Сарсембаев болды, құрметті екінші орынды Руслан Исенов иеленді.
Айта кетейік, өткен турнирге әлемнің 9 елінен мыңнан астам спортшы қатысты.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.