19.12.2022
Кезекті өндірістік жетістікпен тау-кен-көлік жабдықтарын жөндеу зауыты атап өтілді.
Ішкі жану қозғалтқыштары мен тау-кен жабдықтарын жөндеу учаскесінде Caterpillar C-15 маркалы қозғалтқыштарды қалпына келтіру жұмыстары игерілді. Жаңартудан өткен екінші мотор дайын болды және бұрғылау қондырғысында орнату үшін өз кезегін күтуде. Оны күрделі жөндеу кезінде орталық мікбас топ, иінді білік және басқа бөлшектер толығымен ауыстырылды, бұл қозғалтқыштың техникалық ресурстарын арттыруға мүмкіндік берді.
Айтқандай, зауытпен жөнделген алғашқы қозғалтқыш бұрғылау білдегіне орнатылған және қазірдің өзінде жақсы жұмыс істеп тұр, бұл олар үшін сапаның ең жоғары бағасы.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.