Жылумен жылыту
20.12.2022
Осы күрделі жылу беру маусымында «Богатырь Көмір» компаниясы екібастұздықтардың жылусыз қалмауы үшін бәрін жасауда.
Сонымен қатар, кәсіпорын жылумен жабдықтаудың бұзылуынан туындаған ең қиын күндерде қалаға көмек көрсетті. Кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің жөндеу бригадалары көп қабатты және жеке сектордағы жылу желілеріндегі апаттың салдарын жоюға белсенді қатысқан кезде, компания аймақтағы ең мұқтаж тұрғындар мен қоғамдық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсетті.
Компания Бозшакөл ауылының тұрғындарына 500 тонна көмір, «Жандарбек» мешітіне (Ақтоғай ауылы) 80 тонна, сондай – ақ «Бақыт құқығы» қоғамдық қорына 10 тонна көмір бөлді.
Осы нақты мысалдардан «Богатырь Көмір» әлеуметтік жауапты кәсіпорын үшін жақсылық жасау мызғымас қағида екенін қайта – қайта дәлелдейді.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.