Баға жетпес көмек

12.12.2022

«Богатырь Көмір» компаниясы пешпен жылытуды пайдаланатын кәсіпорын қызметкерлеріне көмек көрсетті.

Екібастұздағы жылу желілерінде болған апаттың салдарынан көпқабатты үйлердің тұрғындары ғана емес, жеке сектор да жылусыз қалды. Олардың көпшілігі жылыту үшін қатты отынды пайдаланады. Құрылымдық бөлімшелердің өтінімдеріне сәйкес, ТЖ кезінде жылусыз қалған 52 қызметкерге Серіктестік 5 тонна көмір бөлді.

Сонымен қатар, компания Екібастұз станциясындағы жолаушылар вагондарын жылыту үшін «ҚТЖ ҰК» АҚ-ға 10 тонна көмір берді. Оларда жылумен жабдықтау жүйесінің істен шығуы салдарынан зардап шеккен қала тұрғындары үйлерінде апатты жою кезінде орналастырылды.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу