Жұмыстар аяқталуда

09.12.2022

Екібастұзда жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қалада ТЖ енгізілген сәттен бастап барлық күндері «Богатырь Көмір» құрылымдық бөлімшелері авариялардың салдарын жою бойынша алдыңғы қатарда тұрды.

«Богатырь» кенішінің бригадалары жөндеу жұмыстарын жалғастыруда. Олар құбырларды оқшаулап, Б. Момышұлы, 79А, 1-пәтер тұрғындарына жылу мен су жеткізді. Қонаев 124 бойынша радиаторларды ауыстыру және құбырларды монтаждау жүргізілді. Сондай-ақ, кеншілер Шешембеков, 19А, 10 пәтер бойынша радиаторларды ауыстырып, кіреберіс бағыттағыштарын жібітті. ТКЖЖ зауытының қызметкерлері Мехнический өткелі 5 А бойынша жеке сектордағы жұмыстарды аяқтады, олардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында тұрғын үйге жылу беруді қалпына келтіруге мүмкіндік туды. 24-Южный көшесіндегі тұрғындар сусыз қалды. Оларға Богатырь жүк-көлік басқармасының қызметкерлері көмекке келді. ТЖЖЖД бригадалары Узкий тұйық көшесі, 3, 4, 5, 6 мекенжайы бойынша құбырларды оқшаулау жұмыстарын аяқтайды. Торайғыров көшесі, 22 мекенжайындағы көпқабатты үйде ТКБ және ТЖЖЖД ұжымдары жертөле үй-жайындағы жарылуды жоюмен айналысады. Автобаза жұмыскерлері Арай көшесі, 21 - үйді жылыту және сумен жабдықтауды іске қосу жұмыстарын жалғастырды. 

Энергиямен жабдықтау дирекциясы үйішілік құбырларды монтаждауды жүргізді және Қ.Нұралин, 176, 178, 180 мекенжайы бойынша үйлерді жылуға қосуға дайындады.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу