Жұмыстар жалғасуда

08.12.2022

«Богатырь Көмір» ЖШС жөндеу бригадалары қаланың тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруді жалғастыруда.

Көпқабатты тұрғын үй секторындағы жұмыстар аяқталуда. Бауыржан Момышұлы көшесі, 79 А, №1 пәтерде «Богатырь» кенішінің бригадасы қатып қалған құбырларды ауыстыра отырып, жылыту және суық сумен жабдықтау жүйесін жылыту бойынша жұмыстар жүргізуде. Кеніштің екінші бригадасы Қонаев көшесі, 124 үйінде жұмыс істейді, онда үйішілік құбырларды ауыстыруды және жылытуды орындайды. ТЖЖЖД бригадасы Мәшһүр Жүсіп, 59 бойынша үйдің алты кіреберісіндегі жұмыстарды аяқтады: радиаторларды монтаждау және жылытуды іске қосу жүргізілді. Күрделі құрылыс дирекциясының бригадасы Мәшһүр Жүсіп, 69А үйінің бүйір қабырғасындағы мұздануды жоюда.

Жеке тұрғын үй секторында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды. ТКЖЖ зауытының бригадасы қатып қалған құбырларды бөлшектеуді және жылу трассасында жаңаларын орнатуды жүргізеді, оған Механический оралым 3 және 5 мекенжайы бойынша үйлер қосылған. Богатырь ЖКБ бригадасы ЖЭО мамандарымен бірлесіп 24-ші Южный бойынша алты үйдің жылумен жабдықтау жүйесін реттеумен, суық сумен жабдықтау құбырларын ауыстырумен және оқшаулаумен, сондай-ақ 16-шы Южный бойынша ақауларды жоюмен айналысады. ТКБ бригадасы 4-ші Юго-Западный бойынша №№ 37, 39, 40 үйлер жылумен жабдықтау желісін жылытуға кірісті. ТЖЖЖД бригадасы Узкий тұйық көшесі №№ 3, 4, 5, 6 мекенжайы бойынша суық сумен жабдықтау құбырларын жылыту және оларды оқшаулау жұмыстарын жүргізеді.

Автобаза бригадасы Арай, 21 мекенжайында жұмыс істейді. Үйді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіреді - үйдің қатып қалған ішкі құбырларын бөлшектеуді, радиаторларды ауыстырумен жаңасын орнатуды, сондай-ақ желілерді оқшаулаумен көше құбырын жылытуды жүргізеді.

Энергиямен жабдықтау дирекциясының бригадасы Қ.Нұралиннің № № 176, 178 үйлеріндегі жұмыстарды орындайды: қатып қалған ішкі құбырларды бөлшектеу, жылыту радиаторларын ауыстырумен жаңасын монтаждау.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу