Біздің жүлдегерлер

08.12.2022

3-4 желтоқсан аралығында Отанымыздың астанасы-Астана қаласында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің екі өкілі қатысқан АBU DHABI JIU-JITSU PROFESSIONAL халықаралық турнирі өтті.

85 килограмм салмақ дәрежесінде ТЖЖЖД «Богатырская» ЖҚД депо бастығының орынбасары Максим Мартыненко жеңімпаз атағын және алтын медальді жеңіп алды. 77 келі салмақ дәрежесінде ресурстарды қорғау дирекциясының аға инспекторы Ивраим Сәрсембаев жарыстың күміс жүлдегері атанды. Айта кетейік, халықаралық турнирге барлығы 1000-ға жуық спортшы қатысты.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу