Көмектесуді жалғастырудамыз

07.12.2022

«Богатырь Көмір» кеншілері қалаға көмек көрсетуді жалғастырып келеді. Жұмыс түнде де жүргізілуде.

Торайғыров 22, 24 және №15 бөбектер бақшасы ауданындағы жылумен және сумен жабдықтауды қалпына келтіру, желілерді оқшаулау аяқталды. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлы, 42, 44, 46 мекенжайындағы үйлердің желілерін оқшаулау соңына жетті, бұдан басқа Бауыржан Момышұлы 46 үйінің жертөлесіне кіре берісте ыстық және суық сумен жабдықтау құбырларын дәнекерлеу орындалды. Бүгінгі күні «Богатырь» кенішінің жөндеу бригадасы Мәшһүр Жүсіп, 61 үйінде кіреберісті жылытуды жалғастыруда. Осыған ұқсас жұмыстарды ТЖЖЖД бригадасы Мәшһүр Жүсіп, 59 үйінде жүргізуде.

Южный 24 ауданында Богатырь ЖКБ бригадасы жұмыс істесе, Механический оралым 3 үйінде қалпына келтіру жұмыстарын ТКЖЖ зауытының бригадасы жүргізіп жатыр.

ТКБ қызметкерлерінен құралған бригаданың күшімен Мәшһүр Жүсіп, 65 үйінде жылу және сумен жабдықтау, оның ішінде кірме жылыту толығымен қалпына келтірілді.

Күніне үш рет біріккен жастар қозғалысының белсенділері мен «Богатырь Көмір» жұмыскерлері қалпына келтіру жұмыстарына тартылған жөндеу бригадаларына ыстық тамақ тасымалдайды.

Жақын арада «Богатырь Көмір» ЖШС жөндеу бригадалары жеке тұрғын үй секторындағы қалпына келтіру жұмыстарына көшеді.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу