«Богатырь Көмір» көмір өндірудің циклді-толассыз кешенін тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға қосты

15.12.2022

Еліміздегі ең ірі көмір өндіруші компания – «Богатырь Көмір» ЖШС-де бүгін көмір өндірудің және тасымалдаудың циклді-толассыз технологиясын (ЦТТ) тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға қосты.

«Богатырь Көмір» ЦТТ жобасын әзірлеуге 2014 жылы «ThyssenKrupp» компаниясымен жабдықтарды дайындау мен жеткізуге келісімшартқа қол қойылған кезде кірісті. Алайда, әртүрлі объективті жағдайларға байланысты жоба бірнеше рет кейінге қалдырылды, тек 2020 жылдан бастап «Богатырь Көмір» ЖШС оны іске асыруға белсене кірісті. Құрылыс барысында жалпы ұзындығы 11,5 километр конвейерлер кешені, 4 ұсатқыш, 2 қаттауыш, 2 орташа-тиеу машинасы және көмірді вагондарға автоматты тиеу пункті салынды.

Циклді-толассыз кешеннің ауқымды құрылысы шеңберінде 40 мыңнан астам темірбетон құрылымдары пайдаланылды, 174 мың шаршы метр алаңда жалпы салмағы 15 000 тоннадан астам металл құрылымдар мен жабдықтар құрастырылды.

Циклді-толассыз кешен нысандарын тұрғызуға үш жыл бойы қазақстандық компаниялары мердігерлік ұйымдарының 430 қызметкері және 30 неміс мамандары жұмылдырылды.

Шекаралардың жабылуымен, жұмысшылардың оқшаулануымен және логистикадағы қиындықтармен бірге жүрген пандемия мен карантиндік шектеулер кезінде де құрылыс қарқыны азаймады.

Міне, осымен ЦТТ жобасын жүзеге асыру соңғы кезеңге жетті. Бүгін кешеннің негізгі технологиялық желілері – ұсатқыштан вагондарға тиеуге дейінгі көмірдің алғашқы тоннасын құраммен Астана қаласының 2-ЖЭО-ға жөнелтті.

Көмірді жөнелту «Самұрық-Энерго» АҚ, «РУСАЛ» БК, «Богатырь Көмір» ЖШС басшыларының, «ThyssenKrupp» компаниясы өкілдерінің қатысуымен жүргізілді

ЦТТ-ны тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану барысында жабдықты баптау, көмірдің сапасы мен орташалануын бақылау жүйелерін баптау, вагондарды өлшеу және мөлшерлеу, шаңды басу жүйесі бойынша, сондай-ақ бұрын кәсіпорында енгізілген ЦТТ қатысты «Экскаватор – Автосамосвал – ЦТТ»/«Экскаватор машинисті – Жүргізуші – ЦТТ операторы – Тау-кен диспетчері» бірыңғай ақпараттық кеңістігін құруға мүмкіндік беретін кешеннің автоматты режимінде робот-тартқыштармен және автоматты диспетчерлік басқару жүйесімен (АДБЖ) өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша әлі ұзақ жұмыс бар.

«Богатырь Көмір» ЖШС және Қазақстан Республикасының экономикасы үшін ЦТТ жобасының басты мәні электр станцияларын көмірмен кепілді қамтамасыз ету үшін тозған негізгі технологиялық жабдықты жаңарту және 230 метр тереңдіктен көмір қорларын толық және ұтымды алуды қамтамасыз ету болып табылады, бұл бұрынғы теміржол технологиясын пайдалану кезінде мүмкін болмас еді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу