Жаңа, қуатты, сенімді
12.12.2022
«Богатырь» кенішінде жаңа ЭКГ-15М экскаваторы іске қосылды, өндіруші «П.Г. Коробков атындағы ИЗ-КАРТЭКС» ЖШҚ.
Қуатты машина №3 өндіру жұмыстары учаскесіне тартылды. Оны бригадир Қайрат Әбдірахманов бастаған тәжірибелі экипаж басқарады. Тәжірибелі машинисттің айтуынша, ЭКГ-15М жүк көтергіштігі 130 тонна самосвалдармен жұмыс істеуге өте ыңғайлы, ал машинаның сипаттамалары көмір кенжарын жақсы өңдеуге мүмкіндік береді.
Экскаватордың ерекшелігі – оны жасау кезінде «Богатырь Көмір» компаниясының машинаны 15 текшенің орнына 18 текше шөмішпен жабдықтау ұсынысы ескерілді, бұл өнімділікті едәуір арттырды.
№3 ӨЖУ бастығы Қуаныш Айтпаевтың пікірінше, ЭКГ-15М негізгі техникалық артықшылықтарына мыналар жатады: ресурстары ұлғайтылған көтергіш редуктор және күшейтілген жүріс арбасы. Экскаватор басқа машиналармен салыстырғанда жоғары жылдамдыққа ие, бұл аралыққа айдау кезінде маңызды, демалуға арналған бөлмесі бар екі модульді ыңғайлы кабинасы, ауаны тиімді тазартуды және машина бөлмесін салқындатуды қамтамасыз ететін жоғары өнімді сүзгі желдеткіші бар.
Кабинада машинисттің ыңғайлы жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалған: қысқа толқынды пеш, ауа баптағыш, дірілге төзімді орындық бар. Сондай-ақ, бөлмеде жақсы дыбыс оқшаулау, машина заманауи бақылау және бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, редукторларға бергіштер орнатылған. Тораптарды майлау жүйесі автоматтандырылған, сондықтан бұл мақсаттар үшін экскаваторды тоқтатудың қажеті жоқ.
ЭКГ-15М монтажын ТКЖЖ зауытының экскаватор-жөндеу цехының бригадасы экипаждың және дайындаушы зауыт өкілінің қатысуымен жүргізді. Көлік мүмкіндігінше қысқа мерзімде жиналды – 67 күн ішінде, бірақ жоспар бойынша оған көп уақыт бөлінген еді.
Айта кетейік, «Богатырь Көмір» компаниясы «П.Г. Коробков атындағы ИЗ-КАРТЭКС» ЖШҚ-мен көптеген жылдар бойы ынтымақтастықта, бұл зауыт шығаратын экскаваторлардың сенімділігінің жоғары дәрежесін көрсетеді. Пайдалануға берілген ЭКГ-15М биылғы жылы осы өндірушіден сатып алынған екінші машина болып отырғаны кездейсоқ емес. Маусым айында «Богатырь» кенішінің Аршу кешенінде ЭКГ-12К экскаваторы сәтті іске қосылды.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.