Күш біріктіру арқылы

06.12.2022

Төтенше жағдай туындаған сәттен бастап барлық күндер бойы компанияның құрылымдық бөлімшелерінің – Богатырь ЖКБ, ТЖЖЖД, ТКЖЖ зауытының, ТКБ, «Богатырь» кенішінің, энергиямен жабдықтау дирекциясының жөндеу бригадалары жылу және сумен жабдықтау желілерінде, зардап шеккен тұрғын үйлерде қалпына келтіру жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Мысалы, бүгінде жылу желілеріндегі апаттың салдарын жоюға «Богатырь Көмірдің» 37 қызметкері жұмылдырылған. Бауыржан Момышұлы көшесі, 42, 44, 46 көпқабатты тұрғын үйлерді суық және ыстық сумен жабдықтаудың сыртқы құбырын жылыту үшін кәсіпорын бу түзетін қондырғыны бөлді.

Бауыржан Момышұлы,42 үйінің ауданындағы жылу трассасының жарылуы БЖКБ мен ТЖЖЖД-ның бірлескен күш-жігерімен жойылады. Бауыржан Момышұлы 44, 46 үйлерінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, жылу және сумен жабдықтау желілерін оқшаулау жұмыстары орындалды. Бауыржан Момышұлы, 57 А үйінде ыстық су іске қосылды.

ТКЖЖ зауытының жөндеу бригадасы Торайғыров, 22, 24 үйлеріндегі ыстық сумен жабдықтау құбырларын жылытты, Механический өткелі, 3 мекенжайында орналасқан үйдің жылуы мен сумен жабдықтауын қалпына келтірді.

«Богатырь» кенішінің қызметкерлері Мәшһүр Жүсіп, 69 А үйінде суық және ыстық сумен жабдықтауды іске қосумен, сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп, 59, 61,65 үйлерінің кіреберістерінде жылытуды реттеумен айналысып жатыр.

Жылу және сумен жабдықтау желілерінің проблемалық учаскелерінде жұмыстар жалғасуда.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу