Көмек қолын созды
05.12.2022
Екібастұз тұрғындарымен болған қиын жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады.
Жылу желілеріндегі апат салдарынан зардап шеккендерге біздің кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген қазақстандық өздерінің қолдан келген көмегін көрсетуде.
Автобазаның директоры Алтынбек Искаков Алматы қаласының ММА жауынгерлерінен жаурап қалған екібастұздықтарға беру үшін 30 электр жылытқыш пен көрпе алды. Қыздыру аспаптарын сатып алуда спортшыларға «Севало» компаниясы демеушілік көмек көрсетті. Келіп түскен гуманитарлық көмек «Богатырь Көмір» қызметкерлеріне және үйлерінде жылумен жабдықтау проблемалары бар олардың отбасыларына берілді.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.