Батырлардың қолымен

04.12.2022

Бауыржан Момышұлы, 44, 46 көшелеріндегі көпқабатты үйлердің тұрғындарына жылу желілеріндегі апат салдарынан зардап шеккендерге Богатырь ЖКБ қызметкерлерінен құрылған жөндеу бригадалары көмекке келді.

Күні бойы және де осы сағатқа дейін олар адамдарды сумен қамтамасыз ету үшін ыстық және суық сумен жабдықтау магистральдық құбырларын қалпына келтіру үшін адал жұмыс жасауда. Кеншілердің күшімен ыстық сумен жабдықтау құбырлары ауыстырылды, енді оларды жылу оқшаулау жүріп жатыр.

ТКЖЖ зауытының, «Богатырь» кенішінің, ТЖЖЖД, ТКБ және энергиямен жабдықтау дирекциясының қызметкерлері қалпына келтіру жұмыстарына белсенді қатысуда. 

Бауыржан Момышұлы, 42 үйінде ұзындығы 400 м сыртқы құбырлар ауыстырылды, ыстық сумен жабдықтау және бекіту арматурасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ желілерді оқшаулау жүргізілуде. Үйде жылу мен суық су бар.

Сонымен қатар, осы сағатта кәсіпорын бригадалары Бауыржан Момышұлы, 57 «а» үйіндегі жылу және сумен жабдықтау құбырларын торапқа дейін ауыстырды және үйдегі жұмыстар жалғасуда. Пәтерлерге дейін және пәтерлер ішіндегі құбырларды, сондай-ақ бекіту арматурасын ауыстыру жүргізілуде, жұмыстар түнде де жалғасатын болады.

Шешембеков көшесі, 11 «б» үйінде суық және ыстық сумен жабдықтау қалпына келтірілді, кәріз жүйесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, жертөлеге жылумен жабдықтау өткізілді, пәтерлерге жылу беру, ішкі құбырлар күшейтілген пластикке ауыстыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Шешембеков 11 «а», 17 «а» бойынша үйлердегі апаттық жұмыстар толығымен аяқталды: тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйелері қалпына келтірілді. 

Шешембеков көшесі, 19 «а» үйінде суық және ыстық сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілді. Жылу орталығының мамандары жылумен жабдықтау жүйесін уақытша өшірді, көшедегі шықпаларға бекіту арматурасы орнатылуда, бұл үйдегі жылуды толығымен қосу үшін қажет. 

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу