Мини-футболдан Богатырь кубогы
03.12.2022
«Богатырь Көмір» спорттық -сауықтыру кешенінде компания Кубогы үшін шағын футболдан турнир өтті. Жарыстар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылып, оған қаланың орта арнаулы білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарының спортшылары қатысты.
Барлығы 4 команда жарияланды: ЕИТИ, ЕИТИК және Екібастұз медициналық колледжінен екеу – ЭМК және «Жедел жәрдем». Ойын айналымдық жүйеде өтті, соның арқасында командалар барлық қатысушылармен бақтарын сынады. Жарыстың ұзақтығы 10 минуттан екі таймды құрады. Сәтті айла-шаралар мен жеңіске деген жігер ЕИТИ командасының көш бастап, бірінші орынды иеленуіне көмектесті, ЭМК жігіттері екінші, ал үшінші орын ЕИТИК спортшыларына бұйырды.
Төрешілер турнирдің үздік ойыншыларын анықтады, олар: Ислам Балтабаев («Жедел жәрдем») – «Үздік қорғаушы»; Қуаныш Алданов (ЭМК) – «Үздік қақпашы»; Алишер Ажахметов (ЕИТИ) – «Үздік шабуылшы»; Кирилл Швецов (EИТИ) – «Үздік ойыншы».
Барлық қатысушыларға дипломдар мен медальдардан басқа «Богатырь Көмір» логотипі бейнеленген футболкалар, ал командаларға футбол доптары табыс етілді.
Ұйымдастырушылар барлығын ауыз су мен және жеміс-жидекпен қамтамасыз етіп, жайлы автобуспен жеткізуді ұйымдастырды.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.