Темір алыптың алтын мерейтойы

01.12.2022

«Богатырь» кенішіндегі роторлық экскаваторлар дәуірі аяқталуға жақын. Көп ұзамай олардың орнына шөміш экскаваторларын, ұсақтау-қайта тиеу пункттерін, жинақтауыштарды, орташа тиеу машиналары мен конвейерлерді  пайдаланумен, жаңа циклдік-толассыз технология келеді, оларда босатылатын экипаждар жұмыс істейтін болады.

Биылғы жылы жарты ғасырлық мерейтойды «Богатырь» кенішінде ең алғашқы пайдалануға берілген 1105 борттық нөмірлі СРс(К)-2000 маркалы роторлық экскаваторы атап өтеді. Оны 1972 жылы маусымда іске қосты. Алғашқы күндерінен бастап «бесіншіде» жұмыс істегендердің бірі «Шахтер даңқы» белгісінің иегері Қанлыбай Төлетайұлы Үмбеталиев болды. Ардагердің айтуынша, аты аңызға айналған машина «Богатырь» кеніші үшін кадрлардың нағыз ортасына айналды. Әр жылдары оның экипаждары еңбек рекордтарын орнатты, кеңестік жарыста бірнеше рет жеңіске жетті. Оларды атақты кеншілер басқарды.

Машинаны монтаждау сәтінен бастап «бесіншінің» бригадирі Ленин орденінің иегері, «Шахтер даңқы» белгісі, Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері Федор Васильевич Макрослоев болды.

- Мен «бесіншіге» машинист көмекшісі ретінде келгенімде мен үшін алғашқы ұстаз Федор Васильевич болды, - дейді Қанлыбай Төлетайұлы. - Мен одан көп нәрсені үйрендім. Бұл өте адал және еңбекқор адам болатын.

Қанлыбай Үмбеталиев тағы бір танымал кенші – «Шахтер даңқы» белгісінің кавалері, Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері Виктор Григорьевич Сахаровтың бригадасының құрамында еңбек етті. «Оның жанында біз кеңестік жарыстарда жиі жеңіске жеттік, ал 1985 жылы біздің экскаватордың экипажы Бейбітшілік вахтасына қатысып, Кеңес Одағының барлық көмір бассейндерінен «Богатырь» кенішіне келген делегациялардың қатысуымен осы оқиғаға орайластырылған тонна көмірді жөнелту құрметіне ие болды», – деп еске алады ардагер.

Күрделі қайта құру кезеңінде бригаданы «Шахтер даңқы» белгісінің кавалері, Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері Дмитрий Павлович Сидельников басқарды, ал бірнеше жылдан кейін бригаданы басқару құрметіне Қанлыбай Төлетайұлы Үмбеталиев ие болды.

- Осы жылдар ішінде № 1105 экскаватор жақсылардың қатарында болды. Ал машинаның 30 жылдығында біздің бригада көмір өндіру және жөнелту көрсеткіші бойынша үздік деп танылды. Сол кезеңде біз айына рекордтық 800 мың тонна жүк тиегеніміз есімде. Әр жылдары «бесіншіде» жұмыс істеген барлық еңбек сіңірген кеншілерді атау мүмкін емес, олардың кейбіреулері қазір басқа машиналардың экипаждарын басқарады, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына айналды. Менен кейін «бесінші» бригадасын Борис Васильевич Никифоров, Олег Анатольевич Алехин басқарды, қазіргі уақытта аңызға айналған машинаның бригадирі Сергей Александрович Фатхутдинов.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу