Компания жүргізушілерін құттықтады
28.10.2022
«Богатырь Көмір» компаниясында Қазақстанда қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін автокөлік жүргізушілері күніне арналған салтанатты концерт өтті.
Бұл күні кәсіпорын автобазасында қызметкерлерге құрмет көрсетілді.
- Біз автокөлік жүргізушілері күнін тойлау дәстүрін жандандыруды шештік. Әріптестер, сіздердің өндіріске қосатын үлестеріңіз қаншалықты баға жетпес екенін, біздің Серіктестікте Автобазаның рөлі қаншалықты маңызды екенін бәріміз білеміз, – деп атап өтті бөлімше директоры Алтынбек Ысқақов құттықтау сөзінде.
Бұл күні үздік қызметкерлер кәсіпорынның жұмысына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды. Олар үшін әріптестері мен «Грация» хореографиялық ансамблінің қойылымдары нағыз сыйлық болды.
Автобазаның басты міндеті жүк және жолаушылар тасымалын жүзеге асыру болып табылады және солай болып қала береді. Серіктестікте, оның ішінде Технологиялық көлік басқармасы мен Автобазада бүгінде шамамен 649 жүргізуші жұмыс істейді. Олар компания қызметкерлерінің жұмыс орнына жеткізілуін қамтамасыз етеді, тау-кен массасын кеніште тасымалдауға қатысады.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.