Жас құрылымдаушылар
26.10.2022
22 қазанда Шымкент қаласында «ROBO.KZ-2022» робоспорт бойынша ашық чемпионат өтті. Байқауға Қазақстанның түрлі қалаларынан барлығы 80 команда келді.
Оған Екібастұздан компания қызметкерлерінің балалары да қатысты. Декреттік демалыстағы ТЖЖЖД вагон-жөндеу цехының инженер-технологы, тренер Әсел Смағұлова «RoboPark Ekibastuz» клубын басқарып, оның жетекшілігімен балалар жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
«Роботты жина» robokids санатында 3 орынды Мирон Ефимцев пен Кирилл Матасов иеленді;
биатлон санатында 1 орынды Артем Усевич пен Асанәлі Қуандықов иеленді.
Айта кету керек, «Богатырь Көмір» компаниясы кәсіпорын ішінде іс-шаралар өткізу арқылы қызметкерлер балаларының шығармашылығын қолдайды және олардың қалалық үйірмелерде жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл жолы олар чемпионатқа сапар ұйымдастыруда демеушілік көмек көрсетті.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.