Аумақтарды абаттандыру
19.10.2022
Ведомстволық бағынысты аумақты абаттандыру аясында Бауыржан Момышұлы көшесі 25-үй мекенжайында орналасқан «Богатырь Көмір» ЖШС әкімшілік ғимаратының жанындағы ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді.
Санитарлық тазарту – бұл жасыл көшеттерге күтім жасау, өз алдына өте маңызды және қажетті жұмыс болып табылады. Себебі, қатты желдің әсерінен ағаш бұтақтары сиреуі, ғимараттың дренаждық жүйесінің сынған бұтақтарымен бітелуі, сондай-ақ тіректерге бекітілген байланыс желілерінің үзілуі сияқты келеңсіздіктердің алдын алады.
Сонымен қатар, жүргізілген жұмыстар бұтақтарға сәнді пішінді беруге және өсімдіктің биіктігін теңестіруге мүмкіндік береді, жас өскіндердің пайда болуын және ағаштың жаңаруына септігін тигізеді. Компания ағаштарды санитарлық кесуді осы салада үлкен тәжірибесі бар мамандандырылған ұйым болып табылатын «Флора» КШ - қа сеніп тапсырды.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.