Игі іс
17.10.2022
Исабек Ишан Әзірет кесенесі кешенінің жанындағы қонақ үйдің салтанатты ашылуы сенбі күні Ақкөл ауылының жанындағы Қылдыкөл шатқалында өтті.
Исабек Ишан Әзірет – Исламның алғашқы миссионерлерінің ұрпағы, философ, ағартушы және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тәлімгері. XIX ғасырдың басында Исабек Ишан Ақкөл-Жайылмада медресе ашып, мешіт салды. Оның ықпалымен Баянауыл аймағының ондаған діндарлары алғаш рет Меккеге қажылық жасады. Исабек Ишанды бүкіл Сарыарқа құрметтеді. Даланың түкпір-түкпірінен адамдар оны көруге, әзіретке табынуға асықты, әулиенің керемет қабілеттері туралы аңыздар халық арасында жүрді. Исабек Ишанға ерекше құрмет белгісі ретінде 2011 жылы екі кесене, мешіт және қажылар үйі бар тарихи кешен салынды. Үш күмбезді мазарда Исабек Ишанның өзі, оның жалғыз ұлы Нұрмұхамед пен інісі Мұхаммед Нияз жатыр.
Исабек Ишанның ұрпағы – Әулие Жандарбек қожаның жерленген жерінде бір күмбезді мазар тұрғызылды. Биіктігі тоғыз және жеті метр болатын екі кесене де Маңғыстау облысынан әкелінген ақ тастан көтерілді.
Енді кесене кешеніне баратын қажылар үшін арнайы қонақ үй салынды. Оның ашылуына орай іс-шараға Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, көрнекті қоғам қайраткерлері, Екібастұздың құрметті азаматтары мен ақсақалдар қатысты.
Маңызды оқиғаның құрметіне және қадірлі қонақтар үшін «Богатырь Көмір» компаниясы екі кең, жылы киіз үй орнатып, Исабек Ишан Әзірет кесенесі кешенінің жаңа нысанының ашылуына арналған қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды.
Сондай-ақ, кәсіпорын Әлеуметтік саладағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында қонақ үй салу үшін құрылыс материалдарын сатып алуға 8 миллион теңгеден астам айтарлықтай қаржы бөлді, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін қонақ үйді тұтқалармен жабдықтауға көмек көрсетті.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі фотосы.