Сертификаттар табысталды

16.10.2022

Қазақ тілін үйрену курсын аяқтағаны туралы сертификаттарды компания оқытушыларымен оқудан өткен «Богатырь Көмір» қызметкерлері алды.

2021-2022 оқу жылының басында компанияның 28 қызметкері оқуға ниет білдірді.  Салтанатты түрде сертификат табыстау үздік оқушылар арасында өтті.  Осы уақыт ішінде олар мемлекеттік тілдегі ережелер мен сөздерді үйреніп қана қоймай, түрлі іс-шараларға қатысып, Екібастұз ауданына қарасты ауылдарға концерттік бағдарламамен шығып отырды.  Мемлекеттік тілді дамыту тобының жетекшісі Манар Ерботина қазақ тілін меңгеру халықтың мәдениетін тану арқылы өтетініне сенімді.  Марапаттау рәсімі алғаш рет бейресми жағдайда – табиғат аясында өтті.  Бұл олардың қазақ тілін үйренуге деген ұмтылысына тамаша ынталандыру болды. Естеріңізге салайық,  жаңа оқу жылына қабылдау жүріп жатыр және оқу қараша айының басынан басталады.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу