Барлығына арналған күзгі кросс
15.10.2022
Осы шуақты сенбінің күнінде «Богатырь Көмір» компаниясы ұйымдастырған «Күзгі кросс» ашық жалпықалалық жеңіл атлетикалық жарыс нағыз үлкен спорт мерекесі болды.
Үш және бес шақырымдық қашықтыққа әр түрлі жастағы спорт әуесқойлары қатысты: 8 бен 74 жас аралығындағы жеңіл атлетикалық жарысқа барлығы 110 спортшы қатысты. Қатысушылар «Шахтер» стадионынан Қонаев даңғылы бойымен Пшенбаев көшесіне дейін және кері қашықтықты еңсерді: әйелдер – бір айналым, ерлер – екі айналым. Барлығы, ешқайсысы қалмастан, жеңіске деген ұмтылыс пен мінез көрсетті - спортшылардың әрқайсысы өзінің көп нәрсеге қол жеткізе алатынын және бұл жеңістің алғашқы қадамы екенін ең алдымен өздеріне дәлелдеді. Үздік үштікті аяқтағандар, өздері күткендей, қомақты ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Бірақ бұның алдында «Күзгі кроссқа» қатысқаны үшін арнайы аталымдармен атап өтілді: жарыстың ең жас қатысушысы – Наина Қошқарова (8 жас) және ең үлкен жастағы қатысушы – Петр Дьячук (74 жас).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әйелдер арасында атанғандар:
18 бен 34 жас аралығы: Анна Дубина – 1 орын, Татьяна Апкаева – 2 орын, Рабиға Әбілқайырова – 3 орын. 35 пен 49 жас аралығы: Лидия Қошқарова – 1 орын, Гүлжан Қапезова – 2 орын, Дина Боранбаева – 3 орын. 50 мен 55 жас аралығы: Людмила Каримова – 1 орын, Татьяна Данилкина – 2 орын, Алтынай Омарбекова – 3 орын. 56 және одан жоғары жас санаты: Светлана Лиханова – 1 орын, Ирина Алексеева – 2 орын.
Ерлер арасында 18 бен 34 жас аралығы: Олег Шелепов – 1 орын, Серік Қасенханов – 2 орын, Данияр Шүлкебаев – 3 орын. 35 пен 49 жас аралығы: Бауыржан Бегалимов – 1 орын, Александр Рожков – 2 орын, Александр Шавва – 3 орын. 50 мен 55 жас аралығы: Бақтияр Меңдібаев – 1 орын, Унербай Жоланов – 2 орын, Дәулет Ахметжанов – 3 орын. 56 және одан жоғары жас санаты: Темірбек Барбакиров – 1 орын, Владимир Шехов – 2 орын, Сүйіндік Жүсіпбеков – 3 орын.
ССК басшысы Валентина Титаренко мен «Богатырь Көмір» ЖШС жұмыскерлерінің Бірыңғай кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Қадауов қатысушыларды спорт мерекесімен және көрсетілген нәтижелермен құттықтады.
Айтпақшы, «Богатырь Көмір» жеңіл атлетикадан мұндай ауқымды жарысты бірінші рет өткізіп отырған жоқ: компания 2018 жылы танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қолдау мақсатында жалпықалалық марафон ұйымдастырған болатын. Ал өткен «Күзгі кроссты» кеншілер дәстүрге айналдыруды және жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.