Әлеуметтік серіктестік

14.10.2022

«Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің ішінен көп балалы отбасыларының балалалары  көркемсурет мектебіне тегін оқуға қабылдау жарияланады.

Мұндай мүмкіндік «Богатырь Көмір» әкімшілігі мен оқу орнының басшылығы арасындағы келісімнің арқасында пайда болды.

Айта кетейік, серіктестіктің қаржылық қолдауының арқасында 8-11 жас аралығындағы көп балалы отбасылар қатарындағы компания қызметкерлерінің балалары өнер мектебінде тегін оқи алады.

Асығыңыз, орындар саны шектеулі! Бір отбасынан бір бала қабылданады.

Толық ақпаратты 8 (7187) 22-37-18 телефоны арқылы алуға сонымен қатар жазылуға болады.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу