Экологияның жақсаруы үшін

13.10.2022

Осы жылдың көктемінде «Богатырь Көмір» санитарлық-қорғау аймағын (СҚА) көгалдандырудың жеті жылдық жобасы басталды.

Бес жыл ішінде ауданы 843280 м2 жасыл желектерді отырғызу жоспарлануда, ал тағы екі жыл ішінде өсімдіктерге күтім жасау жалғасады. 13328 дана көлемінде бұта мен ағашты отырғызу қарастырылған, оның ішінде: күміс жиде – 5312 дана; ұсақ жапырақты шегіршін (қарағаш) – 3544 дана; қараған бұтасы – 4472 дана. Бағдарламаны іске асырумен «Флора» ШҚ айналысады. 2022 жылдың сәуірінен бастап оның қызметкерлері 2081 дана желек отырғызды және шаруа қожалығының басшысы Алексей Горбуновтың айтуынша, олардың жерсіну деңгейі 100% құрады.

Айта кету керек, өсімдіктерді таңдау біздің аймақтың ерекшеліктеріне, яғни  тұзды топырақ және ылғалдың болмауына байланысты ескерілді.

– Суарусыз ағаш өсе алатын ылғалдың минималды мөлшері – 300 мм, ал бізде 180-250. Азды-көпті жаңбырлы жылға байланысты. Біз ылғалды сақтаудың түрлі жолдарын іздейміз, тұрақты күтімді қамтамасыз етеміз,– дейді Алексей Горбунов.

Сондай-ақ, белгілі бір дақылдардың артықшылығына әсер ететін маңызды фактор-олар өздерін санитарлық тұрғыдан тиімді және ластануға төзімді атмосфераның бірі ретінде көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, СҚА кәсіпорын жұмысынан атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендету мақсатында белгіленеді. Ол үшін оны тиісті түрде ұйымдастырып, көгалдандырып, жабдықтау керек. «Богатырь Көмір» экологияны сақтауға аса маңыздылық көрсетеді.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.