Кәсіподақтар активімен кездесу

11.10.2022

Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы халықаралық конвенциялар, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымы қызметінің басқа аспектілері туралы «Богатырь Көмір» компаниясының кәсіподақ ұйымдарының активімен кездесуде Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін халықаралық еңбек ұйымы бюросының еңбек қызметі жөніндегі бас маманы Гоча Александрия айтып берді.

Әңгіме барысында қатысушылар кеншілерді толғандыратын мәселелер бойынша пікір алмасты, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердегі олқылықтарды жою бойынша практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Диалогқа қатысқан «Қазақ көмір кәсіподағы» салалық көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов әріптестерін еңбекшілердің құқықтарын қорғау саласындағы әлемдік тәжірибені жан-жақты зерделеуге және қолдануға, Қазақстан ратификациялаған халықаралық конвенциялар ережелерінің орындалуын бақылауға шақырды. Сонымен қатар, ол адамдардың мүддесі үшін еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша бастамалармен белсенді айналысуды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорынның төрт кәсіподақ ұйымының үшеуі: «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің «Бірыңғай кәсіподағы» БКҰ, «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағы ҚБ, «Жергілікті Екібастұз көмір кәсіптік одағы» ҚБ, «Қазақ көмір кәсіподағы» көмір өндірушілерінің салалық кәсіподағы Халықаралық еңбек ұйымымен тұрақты негізде ынтымақтасады.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу