Ынтымақтастық үшін алғыс

10.10.2022

Қазақстан кәсіподақтар күніне орай «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығының атынан жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Азат Мәкенов компанияның кәсіподақ ұйымдарының төрағаларын жылы лебізімен құттықтап, оларға  құттықтау сөздерін табыс етті.

Кәсіподақтарға сындарлы және жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, оларға кәсіпорынның еңбек ұжымының мүддесі үшін табысты жұмыс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ресми түрде біздің елімізде кәсіподақтар күні 2019 жылдан бері аталып келеді.

Кәсіподақ қозғалысының бүкіл тарихында оның басты міндеті жұмысшылардың әлеуметтік – экономикалық құқықтарын қорғау болды және болып қала береді. Кәсіподақтарға әр түрлі деңгейдегі жұмысшылардың мүдделерін білдіру сеніп тапсырылған. Олардың қызметі қызметкерлердің кәсіби өсуіне және шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ ұжымда салауатты микроклиматты сақтауға ықпал етеді.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу