Чемпиондарды құрметтеу
09.10.2022
«Богатырь Көмір» спорттық-сауықтыру кешенінде Павлодар облысы чемпионатының қорытындысы бойынша компанияның футбол командасын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Маусымның басынан бастап біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті және соңына дейін көшбасшылық позицияны ұстанды. Жеті ойынның бесеуінде спортшыларымыз жеңіске жетті, ал екеуінде тең түсті. Команда өкілі Олег Негодюктің айтуынша, олар бірінші облыстық лигаға енді.
– Биыл біз 6 жаңа ойыншыны қостық. Бұл шешім команданы оң нәтижеге жеткізді. Жақсы бәсекелестік құрылды және бұл біздің спортшыларымызға жақсы дайындалуға көмектесті, – деді Олег Негодюк ойынның қыр-сыры туралы.
Павлодар облысының чемпионатында үздік ойын көрсеткені үшін команда мақтау грамотасымен және кәсіпорын атынан сыйлықақымен марапатталды. Енді біздің футболшылар келесі маусымға дайындалуда.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.