Павлодар облысының кәсіпорындарына арналған семинар

29.09.2022

«Богатырь Көмір» оқу-курстық комбинатының (ОКК) базасында Павлодар облысы компаниялары өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. Іс-шараның тақырыбы: «Өндірісте оқытудың корпоративтік жүйесін құру».

Құрамды оқыту және дамыту саласындағы қызмет еткен жылдары ОКК-де үлкен тәжірибе жинақталып, қызметкерлер басқа кәсіпорындардағы әріптестерімен бөлісті. Қонақтарды оқу орнының жұмысымен таныстырып, экскурсия өткізіп, Екібастұз көмір кен орнының тарихы туралы айтып, Еңбек Даңқы залының экспозицияларымен таныстырды. ОКК оқу-курстық комбинатының жұмысы туралы презентацияны оның басшысы Любовь Шарипова ұсынды. Өз баяндамасында ол өз ұжымының алдында тұрған міндеттерді, оқыту әдістерін ашып, ОКК жұмысын жоспарлау үшін құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекеттесуі туралы айтты. Айта кету керек, бір жыл ішінде мекеме қабырғасында 14 мыңға жуық адам оқудан өтуде. Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқу үрдісін ұйымдастырудың көптеген аспектілерін өздеріне қаперге алды. Павлодар облысы Еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов кәсіпорын үшін жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, әріптестерінің тәжірибесі облыс компанияларында оқытуды құруда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу