Біздікілер Спартакиаданың суперфиналында
28.09.2022
«Богатырь Көмір» құрамасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының жұмыскерлері арасында өткен VII Спартакиаданың суперфиналына қатысты.
Қорға кіретін кәсіпорындар мен ұйымдардың ең мықты спортшыларымен сайыста богатырлықтар екі марапатқа ие болды: әйелдер арасында тоғыз құмалақ бойынша турнирде алтын медальді күрделі құрылыс дирекциясының жөндеу-құрылыс жұмыстары учаскесінің шебері Магинур Латыпова, армрестлингте қола медальді, 65 келіден жоғары салмақ санатындағы әйелдер арасында «Богатырь» кеніші Аршу кешенінің диспетчерлік қызмет операторы Евгения Ваганова жеңіп алды.
Үздік төрттікке енгендер: Богатырь ЖКБ «Ударная» ЖҚД тартқыш агрегаты машинистінің көмекшісі Алексей Сазонов (армрестлинг, 80 келіден жоғары салмақ санаты), Богатырь ЖКБ «Степная» ЖҚД жол машиналарының машинисті Еркін Құрманбаев (шахмат). Үстел теннисінен қарсыластармен болған қиын жекпе-жекте бесінші орынды «Богатырь» кенішінің учаскелік маркшейдері Екатерина Ережепова иеленді.
Ширек финалға дейін қызу бәсекеде «Богатырь Көмір» командалары футбол мен арқан тартудан өте алды.
Айта кету керек, Спартакиадаға барлығы 69 команда немесе «Самұрық-Қазына» АҚ 85 еншілес ұйымынан 688 спортшы қатысты.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.