Богатырь тәлімгерлерінің слеті

25.09.2022

Компанияның оқу-курстық комбинатында (ОКК) Еңбек күніне орайластырылған «Богатырь Көмір» тәлімгерлерінің дәстүрлі слёті өтті.

Білім беру ошағының қабырғасында жыл бойы атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша нұсқаушыларды марапаттау өтті.  Үздік оқытушылар атанғандар: БЖКБ пойыз құрастырушысы Александр Уралов;  Юрий Морозов, ТКЖЖ зауытының жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрик;  Жанат Жұмабеков, ТКЖЖ зауытының механикалық жинақтау жұмыстарының слесарі;  Евгения Хасанова, Сату және көмір нарығы дирекциясы жүк және багажды қабылдаушы-тапсырушы;  Владимир Афонин, «Богатырь» кенішінің экскаватор машинисті.  Бұл күні кәсіпорынның кейбір қызметкерлері «Жұмысшы мамандықтарын насихаттау», «Жас тәлімгер», «Үздік оқытушылар, кеңесшілер», «Болашаққа қадам» сынды аталымдармен марапатталды.  Бас директордың орынбасары – өндірістік директор Серік Макаров жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйледі.  Ол ірі кәсіпорын үшін тәжірибелі мамандардың білімін берудің маңыздылығын атап өтіп, тәлімгерлік мектебінің дамуына үлес қосып жүргендердің барлығына алғысын білдірді.  Алған білімін жас мамандарға және өздеріне үйретіп жүрген нұсқаушылар бір кездері аға буынның тәжірибесін үйренді.  Бүгін олар өз ұстаздарын ризашылықпен еске алды.

 – Менің тәлімгерім қазір лайықты демалыста, – дейді Сату және көмір нарығы дирекциясының жүк және багажды қабылдаушы-тапсырушы Риза Шүкенова, – мен одан бар жақсыны алдым, енді осы мамандыққа деген сүйіспеншілігімді менің оқушыларыма жеткізуге тырысамын.

 Жас кеншілердің кәсіби өсуіне тәлімгерлердің қосқан үлесі ұшан-теңіз екені даусыз.  Компания атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығын түсінеді және өз білімімен бөліскісі келетін мамандарды ынталандырады.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу