Алтын финиш

13.09.2022

«Богатырь Көмір» футбол жасағы 2019 жылдың және одан да ерте жылдардың жетістігін қайталап, Павлодар облысының осы жылғы чемпионы атанды.

Осы маусымда әуесқой командалар арасында аймақтық біріншіліктің басты олжасын жеңіп алған кеншілер турнирлік жарысты бірде-бір жеңіліссіз өте алды. Біздің құраманың активінде тек маңызды қарсыластармен болған жекпе-жекте жеңістер мен тең ойындар ғана бар. Екі қорытынды турда біздің жігіттерге Павлодарлық «Алюминщик» және «Нардос» командалары қарсы шықты. Екі кездесуге де қонақ болып барды. Аталмыш кездесулер тең ойынмен аяқталды: бірінші матч 3:3 есебімен (біздің команда құрамында Руслан Шишкин дубль жасады, бір голды Олег Покалюк соқты), екінші ойын – 2: 2 (қарсыластардың қақпасына Әнуарбек Қасымов пен Еркін Мурзабаев бір голдан жіберді). Айта кетейік, биыл «Богатырь Көмір» құрамасында өзгерістер болды, жаңа ойыншылар пайда болды: Илья Сотник, Матвей Матвиенко, Еркін Мурзабаев, Бауыржан Омаров. «Богатырь Көмір» командасының бапкерлік тандемі Олег Негодюк пен Алмас Қасеновтың еңбегі зор.

Біздің құраманы табанды да тартысты жарыста жеңіп шыққан чемпиондық атақпен құттықтаймыз және келесі маусымда жаңа жеңістер тілейміз!

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу