Суперфиналға жолдама алды
07.09.2022
«Богатырь Көмір» спортшылары Павлодар қаласында өткен «Самұрық-Қазына» компаниясы тобының «Солтүстік-Шығыс» аймағының қызметкерлері арасындағы VII спартакиаданың төртінші іріктеу кезеңінде лайықты өнер көрсетті.
Суперфиналға жолдама алу үшін қордың еншілес ұйымдарының 20-дан астам командасы күресті, ал бұл Қазақстанның бес облысынан 400-ге жуық спортшы. Біздің команда тұғырдың жоғары сатысына көтерілу құқығына ие болды: Алексей Сазонов (армрестлинг, 80 кг-нан жоғары салмақ дәрежесі), Екатерина Ережепова (үстел теннисі), Магинур Латыпова (тоғыз құмалақ). «Богатырь Көмір» жасағына арқан тартудан сайыста тең келер ешкім болған жоқ. Екінші орынды: Тахир Ильясов (армрестлинг, 80 кг дейінгі салмақ санаты), Ирина Смирнова (армрестлинг, 65 кг дейінгі салмақ санаты), Константин Сенич (үстел теннисі), Анна Кузнецова (шахмат) иеленді. Шағын футболдан «Богатырь Көмір» командасы қарсыластарынан аздап ұтылып, екінші орынға ие болды. Үшінші орынды Владимир Каширин (тоғыз құмалақ) және Еркін Құрманбаев (шахмат) иеленді. 65 кг-нан астам салмақ дәрежесінде әйелдер армрестлингінің үздік төрттігіне атақты богатырлық спортшы Евгения Ваганова кірді. Сондай-ақ төртінші орынды стритболдан Компания құрамасы жеңіп алды.
23-25 қыркүйек аралығында елордада өтетін суперфиналға 1-4 орын алған спортшылар мен командалар қатысады.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.