Ардагер-кеншілердің Жасыбайға сапары

03.09.2022

Үш күндік сапарында болған отыз ардагер-кенші «Жасыбай» ДО-да демалудан сергектік пен оптимизмге бөленді.

Дәстүрге айналған тамыз турын аға ұрпаққа «Богатырь Көмір» компаниясы ұйымдастырды. Ардагерлер үшін бұл бір-бірін қайтадан көруге, табиғатта сөйлесуге, Баянауыл қорығының інжу-маржанының көркем бұрыштарымен бірге серуендеуге тамаша мүмкіндік. «Шахтер даңқы» белгісінің кавалері, бұрындары роторлық экскаватор машинисті Құдайберген Кәрімбергеновтың айтуынша, «Березка» демалыс үйінде өткен үш күннің барлығы да жақсы эмоциялар мен әсерлерге толы болды. Ардагерлер үшін арнайы С.Торайғыров атындағы мұражайға экскурсия, Әулие тас үңгіріне, басқа да киелі жерлерге бару ұйымдастырылды. Оған тіпті еңбек ардагері, 74 жастағы ақсақал Темірғали Тортаев та қатысты.

– «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығына және бүкіл ұжымына аға буынға ұдайы көңіл бөліп, қамқорлық көрсеткені үшін үлкен рахмет, - деп барлық ардагерлерден Құдайберген Кәрімбергенов ризашылығын білдірді.

Кеншілер күнін мерекелеу қарсаңында кәсіпорын ардагерлерінің әрқайсысы «Богатырь Көмір» компаниясынан сыйлық ретінде 5 000 теңге алды.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу