Кеншілерге арналған диктант

02.09.2022

5 қыркүйекте атап өтілетін Қазақстан халқының Тілдер күні қарсаңында «Богатырь Көмір» конференц-залында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған мемлекеттік тілде жалпықазақстандық диктант өтті.

Қазақ грамматикасынан білімін тексеруге 15 қызметкер қатысты, олардың көпшілігі «Богатырь Көмірде» жұмыс істейтін қазақ тілін оқыту курсының түлектері. Қазақтың қоғамдық және саяси қайраткері, ақын, әдебиеттанушы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқылған мәтін 107 сөзден тұрды. Айта кету керек, диктанттың барлық қатысушылары жазбаша тапсырманы жақсы орындап, қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы туралы жақсы білімдерін көрсетті.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу