Білім күніне сыйлық
01.09.2022
Бүгін білім Күнінде жүздеген Екібастұз бала үшін алғашқы қоңырау соғылды.
Балалар мен олардың ата-аналарының өміріндегі осы маңызды оқиғаға «Богатырь Көмір» компаниясында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында бірінші сынып оқушыларына арналған рюкзактар жиналды. Осы жылы серіктестік балалары бірінші сыныпқа барған «Богатырь Көмір» қызметкерлері қатарынан көп балалы отбасыларға көмектесу туралы шешім қабылдады. Бірінші сынып оқушылары үшін компания рюкзактар мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алды: дәптерлер, альбомдар, қарындаштар, акварельдер, ермексаздар, қаламдар және тағы басқалар. Құрылымдық бөлімшелердің өтінімдері алдын ала жиналып, белгіленген күні бірінші сынып оқушыларына пайдалы сыйлықтар табыс етілді. Барлығы 100 рюкзак жиналды.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.