Шахтер күні – Екібастұздың басты мерекесі

29.08.2022

«Богатырь Көмір» ЖШС спорттық-сауықтыру кешенінің аренасындағы орасан зор шоу кеше Кеншілер күнінің 75 жылдығы белгісімен өткен мерекелік аптаны аяқтады.

«Біздің Богатырь» әнімен салтанатты іс-шаралар ашылды. Мерекенің көптеген қатысушылары «Шахтер даңқы» және «Еңбек даңқы» белгілерімен марапатталған өндіріс озаттарының, белгілі еңбек әулеттерінің, құрметті еңбек ардагерлерінің, кәсіпорынның атақты спортшыларының, біріккен жастар қозғалысының белсенділерінің шеруін қошеметпен қарсы алды. «Богатырь Көмір» кеншілерінің айтулы оқиғасымен «Русский алюминий менеджмент» ААҚ жеке құрам жөніндегі Дирекция бағытының директоры Роман Зиганшин құттықтады:

- «Русал» біріккен компаниясының басшылығы мен ұжымдарынның атынан сіздерді Шахтер күнімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, тұрақтылық, жоғары шеберлік пен кәсіби жетістіктер, қиын еңбектеріңізге берік рух тілеймін.

Роман Зиганшин «Богатырь Көмір» компаниясының «Русал» біріккен компаниясы үшін маңызын ерекше атап өтті: «Богатырь Көмір» ұжымы ұйымшылдығымен ерекшеленеді, кәсіпорын дамуда, өзінің еңбек әулеттері бар. «Богатырь Көмір» ЖШС «Русал» компаниясының тобында негізгі орынды иеленеді, өзінің көлемі мен өндіріс қуаттылығы бойынша кәсіпорын біздің өнеркәсіптік топтың алғашқы үштігіне кіреді. Біз мұны «Богатырь көмірін» барлық аспектілерде – әлеуметтік және өндірістік, атап айтқанда, ЦТТ сияқты маңызды жобаны іске асыруда қолдай отырып, өте бағалаймыз. Кәсіпорын әрі қарай да белсенді дами беретініне сенемін, өз кезегінде «Русал» компаниясы оған көмектеседі».

Мереке серіктестік қызметкерлерін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Русал» біріккен компаниясының құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімімен жалғасты.

Кештің ең көп күткен сәттері – супержүлде «Chevrolet Nexia» үш автокөлігінің ұтыс ойыны болды. Олардың иегерлері: Анатолий Абашин, Жаслан Түсіпов, Айбек Құрметов.

Ұтыс ойындары арасындағы үзілістерде мерекеге қатысушылар үшін гір спорты мен армрестлингтен жарыстар өткізілді. «Көңілді старттарда» және арқан тартуда құрылымдық бөлімшелер командаларының жарыстары ерекше әсерлі және қызықты өтті.

Мерекенің ең кішкентай қонақтары үшін көңілді көбік дискотекасы, сондай-ақ сирек кездесетін жануарларды көре алатын байланыс хайуанаттар бағы ұйымдастырылды. Кештің барлық қатысушыларына «Богатырь Көмір» БЖҚ шығармашыл жастары және қазақстандық эстраданың шақырылған жұлдыздары: «Орфей» лайф-бэнд және «Ринго» тобы көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шахтер күнінің шарықтау шегі фаер-шоу мен мерекелік отшашу болды.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу