Ардагер-кеншілерге ізет пен құрмет

24.08.2022

Ежелгі дәстүр бойынша, кеншілердің басты мерекесі – Кеншілер күні қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясы өз ардагерлерін құрметтейді.

Аға ұрпаққа деген құрмет пен ризашылық белгісі ретінде кенші-ардагерлер үшін мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.

Бас директордың орынбасары-өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров ардагерлерге жақсылық пен амандық тіледі:

– Бүгін осы залда баршаңызды көру өте қуанышты, осы ерекше күні сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазіргі уақытта кәсіпорын ұжымы атқарған істері  туралы сіздерді хабардар еткім келеді. Қыркүйек айында ЦТТ жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталады, содан кейін іске қосу – жөндеу жұмыстарына кірісу жоспарда бар. Біздің алдымызда маңызды міндеттер тұр, бірақ бір кездері сіздер роторлы экскаваторларды игергендей, біз оларды да жеңе алатынымызға сенімдімін. Қала мен кәсіпорынның дамуына қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіремін!

Келе жатқан Шахтер күнінің 75 жылдығымен құрметті қонақтарды «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары-қаржы директоры Асылхан Қадырбаев құттықтады:

– Құрметті ардагерлер, сіздерді келе жатқан мерекемен құттықтаймын. Карантиндік шектеулерге байланысты біз ұзақ уақыт бойы бір-бірімізді көрмедік. Сондықтан жақсы дәстүрге айналған осындай кездесулердің қазір қайтып оралғаны қуантады. Бүгін сіздерді, ардагерлерді, «Богатырь Көмір» қай бағытта іс-әрекет жасайтынын, оның қандай жоспарлары бар екенін хабардар еткені қуантады. Сіздер әлі де біздің кәсіпорын ұжымының бір бөлігі болып табыласыздар. Сіздерге денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.

Аға буын атынан «Богатырь Көмір» басшылығы мен ұжымына көрсетілген көңіл-күй мен рухани қабылдауы үшін корпоративтік қордың атқарушы директорының орынбасары Ольга Хозяшева, еңбек сіңірген ардагерлер: Аманғос Өтегенов, Еркін Әубәкіров, Владимир Кочерга, Ибрагим Досмұхамбетов, Сергей Рудник жылы лебіздерін білдірді.

«Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысының шығармашыл жастары ардагерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 «Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу