Кеншілерге құрмет пен даңқ

23.08.2022

Бүгін Естай атындағы балалар музыка мектебінің үлкен залында «Богатырь Көмір» компаниясының кеншілерін еңбек даңқы белгілерімен марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шара Шахтер күнінің 75 жылдығына орайластырылды. Кеншілерді мерекемен «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары-қаржы директоры Асылхан Қадырбаев құттықтады:

– Құрметті әріптестер, сіздерді келе жатқан Шахтер күнімен құттықтаймын, биыл ол мерейтойлық. Бұл нағыз ержүрек мамандық иелерінің мерекесі, құрметті, қажет, сонымен бірге қиын және қауіпті. Айтулы оқиға қарсаңында сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық пен амандық тілеймін.

Бас директордың орынбасары-өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров богатырлықтарға жылы лебізін білдірді:

– Шахтер күнінің 75 жылдығы қарсаңында сіздерге еңбектеріңіз үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Біздің компанияда екпінді және жанқиярлықпен еңбек ету – ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүр. Биылғы жылы біз көмір өндіру мен жөнелтуді арттыруға мүмкіндік беретін жаңа циклді-толассыз технологияны іске қосу алдында тұрмыз. Көмір сұранысқа ие және әлі де солай болып қала береді. Осы ерекше күні кәсіпорынның барлық ұжымына жанқиярлығы үшін алғысымды білдіремін және былай деймін: біз болдық, бармыз және боламыз. Мереке құтты болсын!

Жиналысқа қатысушыларға компанияның техникалық директоры Сергей Усик пен қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков құттықтау сөз сөйледі.

Бірінші және екінші дәрежелі «Шахтер даңқы» және «Еңбек даңқы» құрмет белгілерімен, «Компанияның үздік қызметкері» дипломдарымен, «Самұрық – Энерго» АҚ құрмет грамоталарымен, «Kazenergy» медалімен, қалалық мәслихаттың құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен осы күні ондаған «Богатырь Көмір» озаты марапатталды.

Кеншілерге «Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысының шығармашыл жастары мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу