Компанияның спорт мақтанышы

17.08.2022

Ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында бес алтын медальдің тұтас жиынтығын «Богатырь»  кенішінің №1 өндіру жұмыстары учаскесі экскаваторының машинисі Александр Подлесный жеңіп алды.

Богатырь спринтеріне 200, 400, 800 метр қашықтықта тең келетіндер болмады, Александр тағы екі алтын медальді 4-тен 100 метрге және 4-тен 400 метрге эстафеталарына қатысып, қанжығасына байлады.

Ел чемпионатына қатысқан Богатырь ЖКБ «Богатырская» станциясының пойыз құрастырушысы Бақтияр Меңдібаев үш медаль – күміс және екі қола медаль наградаларымен Богатырь қоржынын толтырды. 

Спортшыларымызды алған марапаттарымен құттықтаймыз және жаңа жарыстарда жеңіс тілейміз!

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу