Спортпен қарсы алды

16.08.2022

Өткен Спорт күнін белсенді өмір салтын ұнататындар ойын алаңдарында қызу жарыстарда өткізді.

«Богатырь Көмір» ЖШС спорттық-сауықтыру кешенінде ең мықты волейбол командасы атағын компанияның құрылымдық бөлімшелерінен құралған бес құрама ойнады: «Богатырь» кеніші, Богатырь ЖКБ, технологиялық көлік басқармасы, ТКЖЖ зауыты, энергиямен жабдықтау жөніндегі дирекция. Табанды да ымырасыз жарыста бірінші орынды Богатырь ЖКБ жасағы, екінші орынды ТКБ командасы, үшінші орынды «Богатырь» кеніші жеңіп алды. Барлық қатысушы командаларды және барлық спортшыларды жүлделі орындармен және өткен спорт Күнімен құттықтаймыз, жарқын жеңістер мен керемет нәтижелер тілейміз!

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу