Жұмысшы жастар аталды

15.08.2022

«Шахтер» қалалық саябағында өткен сенбіде Жастар күніне арналған іс-шаралар өтті.

Мереке аясында амфитеатр сахнасында Екібастұз өңірінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосып жүрген белсенділерді марапаттау рәсімі өтті. Өзгелермен қатар «Богатырь Көмір» Біріккен жастар қозғалысы да атап өтілді. Алғыс хат БЖҚ төрағасы Қуаныш Уәлиевке табыс етілді.  Айта кету керек, «Богатырь Көмір» жастар қозғалысы тек компания аясында ғана белсенді қызмет атқармайды. Бірде-бір қалалық іс-шара компанияның шығармашылық таланттарының қатысуынсыз өтпейді.  Кәсіпорынның жас қызметкерлері тұрақты негізде волонтерлікпен айналысады. Олар өз жұмыстарын Екібастұз қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығымен тығыз ынтымақтастықта жүргізеді. Біріккен жастар қозғалысы қатысушыларының қызықты өмірі туралы толығырақ @too_bk_omd Instagram-аккаунтынан оқи аласыз.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.